Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Қарасай ауданында 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпардан – ІХ, аударыспақтан – ІХ Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды.
Кеше жеребе тарту рәсімі өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8 команда өзара бақ сынайды. Ойын топтық ережемен өтеді.
І топта:
Қарағанды облысы
Алматы қаласы
Түркістан облысы
Қызылорда облысы
ІІ топта:
Шығыс Қазақстан облысы
Алматы облысы
Атырау облысы
Шымкент қаласы құрама командасы бақтарын сынайды.
10 қарашаға дейін жалғасатын дүбірлі додада 90-нан астам жасөспірім өнер көрсетеді.