Жаркентте ойын клубына қарулы шабуыл жасалды

19 Қараша 2021, 09:13
958
Бөлісу:
Жаркентте ойын клубына қарулы шабуыл жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Жаркент қаласындағы ойын клубтарының біріне қарулы шабуыл жасалды, деп жазды Хабар24.

Беттерін тұмшалаған үш адам клуб жұмыскерлерін тапаншамен қорқытып, 1 миллион теңгені алып кеткен. Жедел іздестіру кезінде күдіктілердің үшеуі де Алматыда қолға түсті. Олар жалдамалы пәтерде тұрған. 

Ұрланған ақшаның біраз бөлігін жұмсап үлгеріпті.

Өзгелердің жаңалығы