Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтті

19 Қараша 2021, 08:53
1688
Бөлісу:
Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық филармонияның Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті концерт өткізді. 


Көрермендер Мемлекеттік опера және балет театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында үш ғасыр үндестігінің циклына тоғыстырған концерттің куәсі болды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ернар Мыңтаев.

Концерттік бағдарламада Л.Бетховенның, Д.Шестаковичтың және А.Жайымның шығармалары орындалды.      

Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтті  

Кеш қонақтарына бірегей классикалық музыка кешін тарту еткен Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінің музыканттары: бірінші скрипкада - Айдар Тоқталиев, екінші скрипкада - Алексей Лебедев, виолада - Бекзат Сайлаубайұлы және виолончельде - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ернар Мыңтаев сан ғасырдан бері бір нотасы өзгермеген классикалық туындылармен тыңдарманға ерекше көңіл күй сыйлады.

Халықаралық байқаулардың лауреаты, Композиторлар одағының мүшесі - Арман Жайым фортепианода үздік туындыларын орындады.


Өзгелердің жаңалығы