Бас жаңалықтар
Жамбыл облысындағы құс етін өндіретін кешенде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
23 Сәуiр 2019, 21:04 492

Жамбыл облысындағы құс етін өндіретін кешенде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында «Алель агро» ЖШС бұрын шығынға батып, тарап кеткен «Жамбыл құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін сатып алып, құс етін өндірудің көлемін ұлғайту үшін нысанда қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жоба жылына 20 мың тоннадай өнім өндірумен қатар, жергілікті 200 азаматты жұмыспен қамтитын болады деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбердиев мәлімдеді.

Рахматілдә Сегізбайұлының сөзінше, шаруа қожалықтарын ірілендіріп, жұмыстарын жүйелеу – ауыл шаруашылығы саласын ілгерілетудің ең тиімді жолы. Осы бағыт арқылы ауылдағы шаруалар өз тауарларын – ет, сүт, құс және бақша өнімдерін қиындықсыз сатуға жол ашылады.

«2016 жылғы 1 қаңтардан күшіне енген «Ауыл шаруашылығы» туралы Заңға сәйкес аймақта 50 кооператив құрылса, соның 9-ы ғана несие алып, техникасын жасақтап ілкімді істерін бастап кеткен. Ал биыл тағы да 2 кооператив құрылған. Бүгінде оларды несиелендіру, аяқтан тұрғызу бағытындағы шаруалар жүзеге асырылуда. Дәл қазіргі таңда жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің алтауы сүт өнімдерімен айналысатын болса, бесеуі ет бағытын қамтиды. Ал 1 кооператив құс өнімдерін өндіріп, өтккізуді қолға алады», - деді Рахматілдә Рахманбердиев.


Фото: автордан

Байзақ ауданының әкімі жұмысты бастау үшін не қажет екенін атап өтті.

«Тағы да айта кетерлігі, енді біздің кәсіпкерлерімізге 6 танкер мен 6 сүт тасымалдайтын автокөлік қажет. Сонымен қатар, мал сатып алуға 405,0 млн теңге қаражаттың керектігі анықталды. Біз осы мәселені шешуге күш салудамыз», - деді аудан әкімі журналистермен кездесуінде.



Фото: автордан

Сізден жаңалық