БҚО әкімі Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады

23 Сәуір 2019, 20:35
1994
Бөлісу:
БҚО әкімі Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңызды екенін айтты. Кездесу барысында шалғай аудандарды ауызсумен қамтамасыз ету, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне баса мән берілді", - делінген ресми хабарламада. 

Президент Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Өзгелердің жаңалығы