Ұшақ апаты: Президент қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

13 Наурыз 2021, 19:26
2306
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Президент қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңайында құлаған әскери ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек, - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы қаласының әуежайына авариялық қонғаны туралы ақпарат айтылды. Апатқа ұшыраған әскери ұшақтың видеолары таралды.

ТЖМ алдын ала мәліметі бойынша 4 адам қаза тауып, 2 адам Іле ауданы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Апат салдарынан Алматы әуежайынан ұшатын бірнеше рейс кешіктіріліп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы