Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін қолдаймыз – "Ауыл" партиясы

27 Қараша 2019, 10:52
3993
Бөлісу:
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін қолдаймыз – "Ауыл" партиясы
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан партия съезінде саяси ұйым басшысы Әли Бектаев айтты. 

Біріншіден, "Ауыл" партиясы – өзіндік саяси тәжірибе жинақтаған партия. Өткен саяси кезеңде партия президенттік және парламенттік электоралды науқанға қатысты. Осы сайлау науқандарындағы стратегиялық ұстанымдарының нәтижесінде "Ауыл" партиясы жұмыс жүйесі қалыптасқан, танымал саяси брендке айналды. Қаншама жылдық саяси тәжірибеміз бізге "еліміздің саяси – партиялық алаңында өз күшіне сенімді партиямыз" деп айтуға толық мүмкіндік береді, - деді партия басшысы. 

Сонымен қатар, Әли Бектаев елімізде құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін қолдайтынын айтты. 

"Ауыл" партиясы мұндай қоғамдық маңызы бар органның жұмысына өз үлесін қосуға қашанда дайын. Еліміздің тағдыршешті мәселелерін талқыға салатын "Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі" сияқты маңызды құрылымның бастамаларынан тыс қалмауымыз керек, - деді Әли Бектаев.
Бұған дейін саяси ұйым басшысы Әли Бектаев "Ауыл" партиясының болашағына күмәнмен қарағандар болғанын айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы