Түркістанның білім саласында қандай өзгерістер болады?

1 Маусым 2021, 10:34
3600
Бөлісу:
Түркістанның білім саласында қандай өзгерістер болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысындағы білім саласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын таныстырды.

Айтуынша, облыстың білім саласында бірқатар кемшілік бар.

Балабақшаларға келсек, 2 және 6 жастағы балаларды балабақшамен қамту деңгейі төмен. Сондай-ақ ол бүгінгі таңда тек 75 пайызды құрайды. 211 мектеп бейімделген ғимараттарда орналасқан және 52 мектеп саманнан салынған. 68 мектептің дәретханасы мектептен тыс орналасқан, - деді министр.

Ол облыстың білім сапасына да тоқталды.

Білім сапасына келер болсақ. «PISA» халықаралық талдау нәтижелері бойынша облыс оқушылары ең төмен нәтиже көрсеткен өңірлердің қатарында. Онымен қоса, колледжге оқуға түсу үшін гранттар саны жеткіліксіз, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сөзінше, Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында өңір көлеміндегі кемшіліктерді жою мақсатында бірқатар шара қарастырылған.

Бірінші балабақшалармен қамту бойынша 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамту 94 пайызды құрайды. Тәрбие мен оқудың жаңа моделі – воучерлік қаржыландыру және оқытуды ұйымдастырудың баламалы нысандары толығымен енгізіледі. Сондай-ақ 2025 жылға қарай Түркістан облысында 130 мектепті қолданысқа беру қарастырылған. Бұл - облыс үшін өте маңызды мәселе, - деп атап өтті ол.

Аймағамбетовтың айтуынша, дарынды балаларды қолдау мақсатында Назарбаев зияткерлік мектеп және 700 орынға арналған «Дарын» мамандандырылған мектебін салу қарастырылған.

Басқа да мектептерді жаңғырту мақсатында 540 білім ордаларында жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге барлық мектеп оқушылары колледжге қалаған мамандығына тегін түсуге жағдай жасалады. Ол үшін гранттар санын ұлғайту жоспарда бар, – деді бас ұстаз.

Сонымен қатар министр облыстағы жоғары оқу орындары мен орта білімді дамыту мақсатында кешенді жоспарлар қарастырылғанын айтты.

Жақында ашылған «Халықаралық туризм және қонақжайлық» университетін дамыту бойыншада кешенді тапсырмалар ұйымдастырылады.

«Жас маман» жобасы аясында 9 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Бұған қоса білім сапасын арттыру мақсатында басқа іс-шалар іске асырылатын болады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиеиті базасында академиялық шеберлік орталықтары құрылады. Жоба зерттеу экожүйесін қалыптастыруға, инновациялық зертханалар құруға, оқыту және ғылыми зерттеулерін жүргізу үшін инфоқұрылымды дамытуға бағытталады, – деді өз баяндамасында Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, аталған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай Түркістан облысында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100%-ға жетеді. 130 жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Сондай-ақ 540 мектептің инфрақұрылымы жаңғыртылады, НЗМ және «Дарын» мектептері ашылады.

Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы