Трамп пандемия басталғалы бері алғаш рет маска киіп шықты

12 Шілде 2020, 19:02
2553
Бөлісу:
Трамп пандемия басталғалы бері алғаш рет маска киіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Президенті Дональд Трамп коронавирус пандемиясы басталғалы бері алғаш рет маска киді, деп хабарлады CNN телеарнасы.

Америка Құрама Штаттарының лидері сенбі күні Вашингтон маңындағы Уолтер Рид атындағы әскери госпитальге барды. Трамп алғаш рет қорғаныш маскасын киіп шықты. Америка басшысы таққан масканың төмен жағында президенттік алтын мөр басылған.

Президенттің айтуынша, госпитальге барарда маска таққан дұрыс. Әсіресе, операция бөлімінен енді келіп жатқан сарбаздармен сөйлескен кезде бетперде тағып алған абзал.

Бұған дейін Дональд Трамп бірнеше рет медициналық маска тағып жүру жөніндегі ұсынымды өзіне қажет деп санамайтынын айтқан еді. Сәуірдің басында Sputnik радиосының хабарлауынша, Дональд Трамп маска тағудан бас тарту себебін президенттік мәртебесімен байланыстырған.

Мамыр айында америкалық лидер әлі де маска тақпай жүргенін мәлімдеді. Ол ара қашықтық алгоритмін ұстанатынын, Ақ үйде барлық қызметкер жеке қорғаныш заттарын тағып, әлеуметтік дистанция сақтайтынын айтып өтті.


Өзгелердің жаңалығы