Тоқаев жойқын тайфуннан зардап шеккен Жапония халқына көңіл айтты

15 Қазан 2019, 14:58
1402
Бөлісу:
Тоқаев жойқын тайфуннан зардап шеккен Жапония халқына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Жапониядағы «Хагибис» тайфуны салдарынан қаза тапқан және әртүрлі жарақат алған адамдардың қайғыларын бөлісіп, премьер-министр Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады. 

«Қазақстан халқының және өз атымнан жақындарынан айырылған азалы отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Апатта зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін», – делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның Императоры Нарухитоға көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Айта кетейік, «Хагибис» тайфуны Жапонияға 12 қазан күні келген еді. Негізгі күш Хонсю аралына түсті. Тайфунның кесірінен теміржол, әуежолы хабарламалары тоқтатылып, жарық сөніп қалған. Орталықтарда сел жүріп жатыр. 


Өзгелердің жаңалығы