Маңғыстау облысында өрт қаупі жоғары – Қазгидромет

26 Сәуір 2024, 10:16
982
Бөлісу:
Маңғыстау облысында өрт қаупі жоғары – Қазгидромет
Фото: ОКҚ

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова Маңғыстау облысында өрт қаупі бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталығында, шығысында, батысында өрт қаупі жоғары болуы күтіледі. 26-28 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы ықтимал, - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Өзгелердің жаңалығы