Назарбаев Жапонияның императорына көңіл айтты

14 Қазан 2019, 12:22
1617
Бөлісу:
Назарбаев Жапонияның императорына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Жапонияның Императоры Нарухитоға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Еlbasy.kz сайты хабарлады. 

Нұрсұлтан Назарбаев табиғат апаты мен нөсерлі жаңбыр салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. 

"Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", - делінген жеделхатта. 

Өзгелердің жаңалығы