Дәрігерлер өкпесіне ауа мен су жиналған бүлдіршінді аман алып қалды

15 Қазан 2019, 14:46
2171
Бөлісу:
Дәрігерлер өкпесіне ауа мен су жиналған бүлдіршінді аман алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда пневмонияға шалдыққан 5 жасар қыз 10 күн жансақтау бөлімінде жатты, деп хабарлады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Денесін везикулезді бөртпе жайлаған 5 жасар қыз шұғыл түрде облыстық №2 ауруханаға жеткізілген,

Қыз баланың анасының айтуынша, науқастың температурасы 3 күн көтеріліп, аяғында ісік пайда болған. Алғаш көрсетілген ем-домның еш нәтиже көрсетпеуіне байланысты бүлдіршін жедел ревматикалық қызба диагнозымен балалар жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бөлімшесіне жеткізілген. 

"Өкпесіне ауа, су жиналуына байланысты балада ауырсыну, әлсіздік, дене қызуының 39 С-қа көтерілуі, аяқ-қолының ісінуі, везикулезды бөртпелер пайда болған. Сәби ауруханада 25 күнге жуық аралықта ем алды. Оның 10 күнін жан сақтау бөлімінде өткізді. Дегенмен, қазір баланың жағдайы жақсы", - деді Жансақтау бөлімінің меңгерушісі Раушан Мұқанова.










Өзгелердің жаңалығы