Тау-кен өнеркәсібі саласындағы сату айналымы 8 трлн теңгеге азайды - министр

10 Желтоқсан 2020, 09:41
1706
Бөлісу:
Тау-кен өнеркәсібі саласындағы сату айналымы 8 трлн теңгеге азайды - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің онлайн өткен отырысында айтты. 

11 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 8 трлн теңге түсті. Жоспар 104,7 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке 5 трлн 224 млн сомасында қаржы түсті. Жалпы кірістер бойынша жоспар 74 млрд теңгеге артығымен орындалды. Одан салықтар 65 млрд теңгеге атқарылмады, салықтық емес түсім 140 млрд теңгеге артығысмен орындалды, - деді ол. 

Министр салықтар бойынша негізгі атқарылмаған сомасы  қосылған құн салығына тиесілі болып отырғанын айтты. 

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтарудың 50 пайызға немесе 181,5 млрд теңгеге өсуі. Электронды шот-фактуралар ақпараттық  жүйесі деректеріне сәйкес, сату бойынша айналымдардың 13,6 пайызға азаюы. Негізгі азаю тау-кен өнеркәсіп саласына тиесілі. Онда айналым 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 трлн теңгеге азайған, - деді Жамаубаев. 

Министр биыл өңірлерге 2,2 трлн теңге сомасында нысаналы трансферт бөлінетінін айтты. 

1 желтоқсанға сәйкес, оларға 2 трлн теңге бөлінген. Олардың 96,2 пайызы игерілген. Атқарылмағаны - 66 млрд теңге. Оның ішінде 12 млрд теңгесі үнемдеу болса, 54 млрд теңгесі игерілмеген. Нұр-Сұлтан, Алматы, БҚО, Ақтөбе және Атырау облысында ең көп игерілмеген өңірлер қатарына жатады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы