Шаруалардан қабылданатын сүт көлеміне шектеу қойылады

26 Сәуір 2024, 12:46
254
Бөлісу:
Шаруалардан қабылданатын сүт көлеміне шектеу қойылады
Фото: автордан

Мемлекеттік қолдауға ие болып, бизнеске қыруар қаржы құйған павлодарлық фермерлер тығырыққа тірелді. Қазір өңірдің ірі сүт өндірушілері шаруалардан шикізат қабылдаудан бас тартып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Проблемаға тап болған шаруалар жергілікті кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді.

Облыстық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Дәулен Қабдушевтың айтуынша, 5%-дық сыйақы бойынша талап бар.

Сауда желілері жұмыс істейтін тасымалдаушылармен пайда тауары сомасының 5%-дан аспайтын соманы алуы тиіс. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сыйақы алуға мүлдем тыйым салынады. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жалпы, шарттарда жеткізушілерге қатысты айырмашылық болуы керек. Белгілі бір сауда желісі мен сауда серіктестерімен қарым-қатынасы туралы ақпарат беруі үшін талап болуы шарт, - дейді ол.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаевтің айтуынша, сүт өңдеу кәсіпорындарының шикізатты сатып алуға шектеу қоюы бірінше рет.

Бұған дейін сүт өңдеу комбинаттарының қуаттылығы толық болмаған. Сондықтан, ақты өзге өңірлерден да қабылдаған. Жазда сүт көбейе түседі. Өндіруші кәсіпкерлер «қоймада орын жоқ» дейді. Салдарынан қосымша көлемді сатып ала алмайды. Біз супермеркет иелерінен жергілікті өндірушілерге өнімді сату бойынша тиімді жағдай жасауды сұрадық. Сөрелердегі орындардың басым бөлігі шетелдік тауарға толы. Себебі, өзге елден әкелінген шикізат арзан, - дейді ол.

Мамандар мәселені шешу үшін сауда саясатын өзгерту керек деген байламға келді. Ал шаруалардың өтініші құзырлы мекемелерге жеткізіледі. Әзірге мәселе ашық күйде.

Өзгелердің жаңалығы