Шымкентте әйел өзін-өзі өртеп жіберді

4 Желтоқсан 2019, 10:20
12729
Бөлісу:
Шымкентте әйел өзін-өзі өртеп жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының ауруханасына денесінің 80%-ын күйік шалған 1988 жылғы әйел түскен. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тассай шағын ауданында Юсуф Самери көшесінде 31 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, әйел адам өзіне бензин шашып, өртеп жіберген.

Денесінің 80%-ын күйік шалған әйел, Шымкент қаласы орталық ауруханасына жеткізілген. Болжам бойынша, әйел мұндай қадамға жігітімен ұрсысып қалғаннан барған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы