Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлердің 40 пайыздан астамы несиенің төлем мерзімін шегеру мүмкіндігін пайдаланды.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингте Президент Жолдауына орай шағын және орта бизнесті қолдау шараларына арналған онлайн брифингте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.
Оның айтуынша, несие төлемін шегеру 1 қазанға дейін болатын. Президент тапсырмасына орай ол жыл соңына дейін ұзартылды. Сол сияқты салық төлемдерінен босату да жыл соңына дейін ұзартылды.
Әлі күнге дейін жұмысын бастамаған кәсіп иелері бар. Олардың қиыншылықтары да жоқ емес. Президент өз Жолдауында осы мәселені атап өткен болатын. Пандемиямен күрес кәсіпкерлік саласында да жүзеге асады. Алдағы жылдарда жоспарланатын шаралардың барлығы кәсіпкерлік үшін оның салдарын жеңілдетуге бағытталмақ, - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, ол төтенше жағдай басталғалы Президент тапсырмасымен шағын және орта бизнесті қолдауға арналған көптеген шара атқарылғанын, олардың қатарында салық төлемдерінен босату, несие мерзімін шегеру, жұмысын тоқтатуға мәжбүр субъектілердің қызметкерлеріне 42 500 теңге көлемінде төлем түрінде іске асқанын еске салып өтті.