Шахтадағы жарылыс: Жеңіс Қасымбек қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

7 Қараша 2021, 11:40
1318
Бөлісу:
Шахтадағы жарылыс: Жеңіс Қасымбек қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек шахтада қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы орын алды.

Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір  52 адам жер бетіне шығарылды, - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. 

Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастыруда. 

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетіледі, - деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы