Санақтан бас тартқандарға жауапкершілік қарастырылған

15 Қыркүйек 2021, 12:53
2339
Бөлісу:
Санақтан бас тартқандарға жауапкершілік қарастырылған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков онлайн брифингте айтты.

Санақтан бас тартқандарға жауапкершілік қарастырылған. Санақ кезінде әр адам респондент болып есептеледі. Ақпарат бермегені үшін немесе белгісіз мәлімет бергені үшін жаупкершілік қарастырылған. Бірақ біз оны қолданбаймыз, халыққа санақтан өтудің пайдасын түсіндіріп жатырмыз, - дейді ол.

Әбілдабековтің айтуынша, Алматыда санаудың негізгі кезеңіне 2 416 интервьюер, 345 нұсқаушы-контроллер және 37 комиссар тартылған. Сонымен қатар 146 ерікті санақ пункттеріндегі онлайн-санаққа жұмылдырылған.

Біз санаққа қатысуға жұмыссыз азаматтарды, зейнеткерлер мен студенттерді тарттық. Санақ жүргізушілер бір айға тартылады. Барлығы 104 мың теңге көлемінде жалақы алады, - деді департамент басшысы.

Санақ басталған 15 күн ішінде 2 886 150 респондент онлайн-санақтан өткен. Sanaq.gov.kz сайтында 2 487 415 адам сұраққа жауап берсе, 284 659 адам Egov порталы арқылы жауап беріпті, тағы 114 076 респондент Aitu қосымшасының көмегімен санақтан өткен.

Санақ науқанының қорытындысы бойынша шартты түрде Әуезов ауданы бірінші орында, Алатау ауданы екінші орында және Наурызбай ауданы үздік үштікті жабады. Бостандық, Түрксіб, Алмалы аудандарындағы санаққа қатысушыларының саны шамамен тең. Медеу мен Жетісу аудандарының тұрғындарының белсенділігі сәл төмен, - дейді Әбілдабеков.

15 қазанға дейін халық санағына онлайн режимінде қатысуға болады. Офлайн кезең 1-30 қазан аралығында өтеді.



Өзгелердің жаңалығы