Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында белгілі болды.
Депутаттар кандидатурасын талқылауды тоқтатты. Жасырын дауыс беруге арналған тізімге жалғыз кандидат Нұрлан Нығматулин енгізілді. Жасырын дауыс беруді өткізу және оған санақ жүргізу комиссиясына 7 адам таңдалды.
Комиссия құрамына Сауытбек Әбдірахманов, Жамбыл Ахметбеков, Мұхтар Ерман, Дания Еспаева, Айгүл Нуркина, Әмірхан Рақымжанов, сондай-ақ Сергей Симонов енді. Бұл тізімде барлық фракция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бар.
Санақ комиссиясының мүшелері жұмыстарын жүргізу үшін бөлек кабинетке бет алды. Депутаттарға Парламент Мәжілісінің регламенті қысқаша таныстырылды.