Бас жаңалықтар
Сахара шөлін қар басты
21 Қаңтар 2021, 12:30 1500

Сахара шөлін қар басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сахара шөлінде температура төмендеп, қар жауды. Ауа райының ерекше құбылысын фотограф Карим Бучета өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Ол Алжирдегі Айн Сефра қаласының жанындағы қарлы шөлді, Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы Табук аймағында қар жауғаннан кейінгі түйелерді, сондай-ақ температура -3°C дейін төмендеген кезде мұз басқан төбелерде тұрған қойларды суретке түсірген.


«The Sun» басылымының жазуынша, жылдың аптап ыстығында шөлдегі температура +50°C дейін көтерілуі мүмкін, бірақ осы айда температура нөлден төмендеген. Қаңтар айы - Сауд Арабиясындағы ең суық ай, онда орташа температура 20,2°C құрайды. Ал Табук - орташа температурасы 4°болатын елдің ең суық аймақтарының бірі. 


10 қаңтарда таулы аймақтың жергілікті тұрғындары қарлы дауылға ұшырады. Ливанда, Сирияда және Иранда қар жауды.


Фото: дереккөз
Загрузка...