Алматы облыстық сотының 8 маманы вирус жұқтырған

21 Қаңтар 2021, 12:28
1667
Бөлісу:
Алматы облыстық сотының 8 маманы вирус жұқтырған

Алматы, BAQ.KZ. Бұған дейін облыстық сот ғимараты 2 ақпанға дейін карантинге жабылғаны хабарланған. 

Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 сот қызметкерінің коронавиурс жұқтырғаны анықталған. Осыған байланысты қазір сот ғимаратында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Өкінішке орай, індет шегінер емес. Соңғы уақытта сот отырыстарына тікелей қатысуға ниет танытып, облыстық сотқа келген азаматтар саны артқаны байқалды. Облыстық соттың 8 маманы ауруды жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, дәрігерлердің жіті бақылауында. Сот екі апталық карантинге жабық. Сот ғимараты мен оның аумағы қарқынды залалсыздандырылуда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы