Бас жаңалықтар
Сағынтаев АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге барды
13 Наурыз 2021, 19:59 383

Сағынтаев АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әуежайында болған АН-26 ұшағы құлаған жерге барды.

Қала әкімі Twitter-дегі парақшасында жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, - деп жазды қала әкімі.

Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайына шұғыл қонды. Бортта болған төрт азамат қаза тапты, екеуі түрлі жарақаттармен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңайында құлаған әскери ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, Президент тапсырмасы бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...