Ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты

13 Наурыз 2021, 18:35
1734
Бөлісу:
Ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы маңайында әскери ұшақ құлағанына қатысты ҚР ТЖМ ресми ақпарат таратты.

Осы жылы 13 наурызда сағат 17.25-те Алматы қаласы әуежайының диспетчерлік қызметінен сағат 17.22-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы қаласының әуежайына авариялық қонғаны туралы ақпарат келіп түсті, - делінген хабарламада.
Ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты

Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, оның ішінде 9 адам, 1 бірлік техника, Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) 1 кинологиялық есебі,  5 адам, 1 бірлік Алматы қаласы құтқару қызметінің техникасы өртті ауыздықтауға атсалысты.

Сонымен қатар Алматы облысының «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің 4 техникасы мен 2 техникасы өртті сөндіруге көмектесті. Қазір ұшақтың жануы тоқтатылды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының 10 жедел жәрдем реанимациялық бригадасы жұмыс істеп жатқаны белгілі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 адам қаза тауып, 2 адам Іле ауданының ауруханасына жіберілді, - деді ТЖМ.

Өзгелердің жаңалығы