Су тасқыны кезінде БҚО мен СҚО-ға көмектескен ұландықтар қызметтеріне оралады

27 Сәуір 2024, 02:20
6640
Бөлісу:
Су тасқыны кезінде БҚО мен СҚО-ға көмектескен ұландықтар қызметтеріне оралады
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Су басқан өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектескен ұландық жауынгерлер әскери бөлімдерге қайтарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесу үшін Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына жіберілген әскери қызметшілер мен әскери техникалар тұрақты орналасқан жерлеріне қайтарылады.

Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жағдай әлі де бақылауда. Бұған Жайық және Есіл өзендеріне құйылып жатқан су мөлшерінің көптігі себеп. Жайық өзенінің бойындағы су тасқынының алдын алу мақсатында ұландықтар мен құтқарушылар жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуде.

Су тасқыны кезінде БҚО мен СҚО-ға көмектескен ұландықтар қызметтеріне оралады

Бүгінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері полиция қызметкерлерімен және құтқарушылармен бірлесіп су тасқыны салдарын жоюды жалғастыруда, сондай-ақ олар инертті материалдары бар қапшықтарды дайындау, су айдындарының жағалауын нығайту жұмыстары мен адамдарды эвакуациялау іс-шараларын жүргізуде.

Қазіргі уақытта Атырау облысында Ұлттық ұланның Атырау және Қарағанды полктерінен келген 800-ге жуық сарбаз қызмет атқаруда. Сонымен бірге, 5517 әскери бөлімінің (Орал) 80 әскери қызметшісі патрульдік-бекеттік қызмет атқарады. Тағы 110-ға жуық сарбаз су тасқынына қарсы іс-шараларда жергілікті халыққа көмек көрсетіп жатыр. Ал 6506 әскери бөлімнің (Шымкент) 300 әскери қызметшісі және 5547 әскери бөлімнің (Қызылорда) 200 жауынгері Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға айтарлықтай үлес қосқаннан кейін тұрақты орналасу пункттеріне қайтып барады.

Су тасқыны кезінде БҚО мен СҚО-ға көмектескен ұландықтар қызметтеріне оралады

Сонымен қатар 6655 әскери бөлімінің (Ақтөбе) 300-ге жуық әскери қызметшісі осы өңірде патрульдік-бекеттік қызмет атқарады. Жауынгерлер күндіз-түні су басқан аумақтарды бақылауда ұстап, қауіпсіздік мақсатында азаматтарды су басқан үйлерге жібермейді. Әскери қызметшілер тонау әрекеттерін болдырмау үшін бар күшін салады.

Су тасқыны салдарын жоюға Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының қалалары мен кенттерінде 6697 және 6637 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері белсенді қатысуда. Солтүстік аймақтарда қызмет атқарып жатқан ұландықтар саны 300 адамды құрайды. Елордалық жедел бригададан оларға көмекке жіберілген 200 сарбаз Астана қаласына қайта келе жатыр.

Су тасқыны кезінде БҚО мен СҚО-ға көмектескен ұландықтар қызметтеріне оралады

Жалпы, су басқан өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері тасқынның алдын алу және оның салдарын жою үшін 3000-нан астам ұландық жұмылдырылды. Олар 120-ден астам автомобиль техникасы мен 6 авиация техникасын пайдаланды. Нәтижесінде 1781 адам эвакуацияланды, ұзындығы 105 шақырымнан астам жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 1 миллион 314 мың құм толы қап дайындалып, бөгеттер жасалды, су тасқыны болған жерлерге 140 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді. Сондай-ақ ұландықтар 1400 тонна гумманитарлық жүкті түсірді.

Өзгелердің жаңалығы