Отандық спортшылар пара нысана көздеуден Әлем кубогында жеңіске жетті

27 Сәуір 2024, 01:29
358
Бөлісу:
Отандық спортшылар пара нысана көздеуден Әлем кубогында жеңіске жетті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Пара нысана көздеуден әлем Кубогының екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар Еркін Ғаббасов пен Анна Довгелеевич R10 аралас жұптық жарысында 615.8 ұпай жинап, күміс медальді еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юнри мен Парк Джинхо 618.6 ұпаймен алтын медаль алса, қола медальға да Оңтүстік Корея спортшылары Ли Юджин мен Ли Джанхо 614.3 ұпаймен қол жеткізді.

Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз Еркін Ғаббасов R10 жарысында чемпион атанып, ел тарихында пара нысана көздеуден алғашқы алтын медальді жеңіп алған болатын.

Айта кетсек, пара нысана көздеуден әлем Кубогы Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатыр. Дүбірлі додада 49 мемлекеттен 260-тан астам спортшы өнер көрсетуде.

Жарыс 1 мамырға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы