Қостанайда қоқыс контейнерінен сәби табылды

23 Қараша 2019, 14:29
2385
Бөлісу:
Қостанайда қоқыс контейнерінен сәби табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның деректеріне сүйенсек, 23 қарашада жергілікті тұрғын 102 нөміріне қоңырау шалып, Әуежай шағын ауданындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен нәресте тауып алғанын хабарлаған. Көрсетілген мекенжайға мүдделі ұйымдар мен Полиция департаментінің қызметкерлері жеткен. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баланың анасын табу, сондай-ақ оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін шұғыл іздестіру шаралары басталды. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлерді тексеріп, куәгерлер мен тұрғындардан жауап алып, камераны тексеріп жатыр. Іздестіру жұмыстарына кинологтар қосылды", - делінген хабарламада.

Бала шетінеп кеткен. Өлімнің себебі мен уақытын анықтайтын сараптама жасалады. Аталған факті облыстық прокуратура мен Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Баспасөз қызметі сәбидің жасына, жынысына, ұлтына қатысты ақпарат берген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы