Вице-министр Еуроодақ елдерінің елшілерімен кездесті

23 Қараша 2019, 14:08
1830
Бөлісу:
Вице-министр Еуроодақ елдерінің елшілерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Еуропалық Одақ елдерінің елшілерімен кездесу өткізді.

Кездесуі барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.  

Гүлмира Сұлтанбайқызы дипломатиялық миссия басшыларына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жүргізіліп отырған инвестициялық бағыты туралы ақпарат берді.

Сауда-саттық саласындағы отандық бизнестің Еуропа елдерімен өзара іс-қимылды жалғастыруға және байланыстарын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстандық тараптан келесідей маңызды сұрақтар көтерілді.

Атап айтар болсақ:

- Еуропалық Одақтың халықаралық деңгейдегі органикалық өнімдер өндірісін сертификаттау бағытындағы танымал ұйымдардың Қазақстан аумағында өндірілген өнімдерді сертификаттау жүргізетін филиалдарын ашуға шақыру; 

- "ЕАСУ" ақпараттық жүйесінің Еуропалық "TRACES" ақпараттық жүйесімен байланысын дамыту; 

- Еуропалық Одақ нарығына қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін (бал, ет және сүт өнімдері) жеткізу үшін ветеринарлық сертификаттардың түрлерін келісу;

- ҚР мен Еуропалық мемлекеттер арасындағы сауда-саттық жүргізу кезіндегі берілетін фитосанитариялық сертификаттар туралы өзара ақпарат алмасып отыру сұрағын жетілдіру.
Өзгелердің жаңалығы