«QNET» компаниясы қазақстандықтарға 160 млн теңге материалдық шығын келтірген

15 Қыркүйек 2020, 11:52
6057
Бөлісу:
«QNET» компаниясы қазақстандықтарға 160 млн теңге материалдық шығын келтірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов  қаржы пирамидаларына қатысты өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Қаржы пирамидасын құрушылардан бөлек, оларға көмектескен серіктестерінің де жауапкершілігі қарастырылуда. «Гарант 24 ломбард» қылмыстық ісі бойынша тек ұйымдастырушылар ғана емес, аймақтық директорлар, бухгалтерлер жауапкершілікке тартылып жатыр. Осы қылмыстық іс бойынша 51 адам жауапқа тартылып жатыр. 7 күдіктіге қатысты іздестіру шаралы жүргізіліп жатыр, - деді Әділов. 

Сондай-ақ, департамент бастығы «QNET» компаниясына қатысты пікір айтты. 

Компанияның бас кеңсесі Малайзияда орналасқан. Ол желілік маркетинг арқылы адамдардың  әртүрлі ювелирлік заттарды сатып алуына негізделген. Қосылу үшін алғашқы жарна 30 долларды құрайды. Қазіргі таңда 211 адамның арызы тіркелді. Ел бойынша 29 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қазіргі таңда Алматы облысының тергеу департаменті 217 бап бойынша «Q-net» компаниясының өкілдеріне қатысты 20 қылмыстық іс қозғады. Жәбірленушілер 220 адамды құрап отыр. Материалдық шығын 160 млн теңгені құрап отыр. Малайзия Королдігіне халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды. Аталған іс бойынша қосымша хабарлаймыз, - деді департамент бастығы.
Өзгелердің жаңалығы