АҚШ пен Украина алғашқы маңызды келісімге қол қойды

Инвестициялық қор сирек жер металдары, уран, бериллий және цирконий өндіруге басымдық береді.

 whitehouse 3 Қазан 2026, 09:16
3 Қазан 2026, 09:16
248
Фото: whitehouse

АҚШ пен Украина арасындағы бірлескен қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық қор маңызды шикізат өндіру бойынша алғашқы келісімге қол қойды.

Oxu.Az жазуынша, АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясының (DFC) инвестициялық бөлімінің басшысы Конор Коулманның айтуынша, қор бастапқы кезеңдегі кен өндіру жобаларына басымдық береді.

Алғашқы және стратегиялық мақсаттардың қатарында сирек жер металдары, уран, бериллий және цирконий кен орындары аталды. Коулман бұл ресурстардың барлығы АҚШ-тың аса маңызды пайдалы қазбалар тізіміне кіретінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыт америкалық әкімшіліктің басымдықтарына толық сәйкес келеді.

Сондай-ақ инвестициялар Вашингтонның ұзаққа созылған қақтығыс жағдайында Киевті қолдайтынын көрсетеді.

Украина халқы үшін дәл қазір инвестиция салуымыз өте маңызды, – деді Коулман.

Наверх