Бас жаңалықтар
Қайрат Қожамжаров Сенат депутаты болды
28 Наурыз 2019, 10:35 288

Қайрат Қожамжаров Сенат депутаты болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Сенаттың кезекті отырысында Қайрат Қожамжаров ант беріп, депутаттыққа қабылданды.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге және Қазақстан республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конститутциясы мен Заңдарына қатаң бағынуға, депутаттық өзіме жүктелген мәртебемді адал атқаруға ант етемін», - деді мінберге шыққан Қайрат Пернешұлы.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева жаңадан қабылданған депутаттың жұмысына табыс тіледі.

Жиын барысында сондай-ақ, Сенат депутаты Қайрат Қожамжаровты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты тұрақты комитетінің құрамына сайлау туралы мәселе де қаралды. Депутаттардың дауыс беруімен ол Халықаралық қатынастар қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамында қызмет өтеуге қабылданды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық