Бас жаңалықтар
Полиция қызметкерлері бір аптада 3 мыңнан астам қылмысты анықтады
11 Наурыз 2019, 17:30 232

Полиция қызметкерлері бір аптада 3 мыңнан астам қылмысты анықтады

Астана, BAQ.KZ. «Құқықтық тәртіп» операциясы қоғамдық тәртіпті жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәсілихатында Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

"Елімізде кезекті «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жеті күн ішінде полиция қызметкерлері 3 мыңнан астам қылмысты, оның ішінде 906 бұрын жасалған қылмысты ашты. Атап айтсақ, оның ішінде кісі өліміне қатысты 10 қылмыс, 6 қарақшылық шабуыл жасау және 61 тонау фактісі ашылды. Қылмыстық іздеуде жүрген 147 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 54 қылмыскерге өткен жылдары іздеу жарияланған болатын" - деді ол.

5 наурызда Петропавл қаласында полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қатысы бар қала тұрғынын ұстады, оның автокөлігінің жүк салғышынан 70 кг марихуана тәркіленді.

"Алматыда жамбылдық полиция қызметкерлері «Қордай-Алматы» автожолындағы жанар-жағар май құю станциясына қарақшылық шабуыл жасаған топты ұстады. Өскеменде осы қаланың тұрғыны ұсталып, одан қолдан жасаған атыс қаруы тәркіленді. Жалпы «Құқықтық тәртіп» операциясы қалалар мен елді мекендерде қоғамдық тәртіптің сақталуына, құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді" - деді Нұрділдә Ораз.

Сізден жаңалық