Петропавлда аса ірі көлемдегі марихуана тәркіленді

11 Наурыз 2019, 16:02
1906
Бөлісу:
Петропавлда аса ірі көлемдегі марихуана тәркіленді

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавл полицейлері 72 келі марихуана тәркіледі.  Бұл аса ірі көлем болып есептеледі. Есітркіні сатып, оңай олжаға кенелмек болған күдікті 15 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін.

Есірткі саудагерін қолға түсіру операциясына «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшенің жауынгерлері жұмылдырылған. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1982 жылы туған Петропавл тұрғыны марихуананы саудаға шығармақ болған.  

«Есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың барлығы – облыстық полиция басшылығының тікелей бақылауындағы мәселе. Жаңа жылдан бері есірткіге қатысты 53 құқық бұзушылық, 19 қылмыс тіркелді. Оның 18-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатында. 13 рет естірткі  саудасының жолы кесілді. Аса ірі көлемде есірткі сақтап келген төрт қылмыскер қолға түсті. Үш контрабанда фактісі анықталды. Соңғы фактіні есепке алмағанда жалпы салмағы 71 келіден астам есірткі алынды. Оның 60 грамы героин екенін атап өткім келеді», - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-ші бөлімі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Аталған бапқа сай, күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы