Қазақстан мен Ресей ДАИШ-ке қарсы бірігіп күреспек

11 Наурыз 2019, 17:22
1525
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей ДАИШ-ке қарсы бірігіп күреспек

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда терроризмге қарсы іс-қимыл мәселесі жөнінде Қазақстан мен Ресей арасындағы консультациялар өтті.

Бұл туралы апта сайынғы брифинг барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Бүгін Алматыда терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жауапты Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде консультациялардың үшінші раунды өтті. Аталған консультацияларда Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Ресей тарапын - Терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Сыртқы істер министрінің орынбасары Олег Сыромолотов басқарды», - деді Смадияров.

Кездесу барысында тараптар ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған топ - авт.) террористік тобына және басқа да халықаралық террористік ұйымдарға қарсы іс-қимыл мәселесін, сондай-ақ контртерроризм мен есірткіге қарсы өзара іс-қимыл және радикалдану саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Бұған дейін ҚР СІМ ресми өкілі «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Өзбекстанда өз өкілдігін ашатынын хабарлаған болатын.

Рахиля Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы