Бас жаңалықтар
Para Powerlifting–2019. Әлем чемпионатын өткізуге 800 млн теңге жұмсалды – Қайрат Боранбаев
12 Шілде 2019, 15:08 927

Para Powerlifting–2019. Әлем чемпионатын өткізуге 800 млн теңге жұмсалды – Қайрат Боранбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатын өткізу үшін EXPO басшылығы Конгерсс-орталықты тегін берген.

ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев әлем чемпионатын өткізуге жалпы сомасы 800 млн теңге жұмсалғанын айтты. 

20190712115354_IMG_0510.JPG

«Біз осы Әлем чемпионатын өткізуге байланысты бірнеше ұйымға хабарластық. Міне, осы Конгресс-орталық бізге тегін берілді. EXPO басшылығына бұл үшін алғыс білдіремін. Шығын жағын Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, талқыладық. Көп волонтер тарттық. Мүгедектердің мәселесіне келгенде көптеген компания қолдай кетеді. Мемлекет қажетті міндетті төлемдерді қамтамасыз етті. Оның ішінде Халықаралық Паралимпиадалық комитет пен Пара пауэрлифтинг федерациясына өтінім бар. Біз үшін ең бастысы паралимпиадалық спортта, мүмкіндігі шектеулі жандардың спортында Қазақстан осындай ірі шараларды өткізе алатынын көрсету болды. Бізде сәйкес келетін қонақүй іздедік. Көбіне арбамен жүретін спортшылар қатысып жатыр. Солардың жағдайын жасау керек болды. Сондықтан осы шараны 9 күн бойы өткізуге 800 млн теңге жұмсалды», – деді Боранбаев Әлем чемпионатының басталар алдында журналистерге арналған баспасөз брифингінде. 

ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мұндай әлемдік маңызы бар чемпионат Қазақстанның имиджін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. 

«Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық имиджін қалыптастыруға оң әсерін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, пара спорт түрінің елімізде одан әрі дамуына, спортпен шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі жандар қатарының көбеюіне және спортшылардың шеберліктерін шыңдауына мүмкіндік туғызады», – деді министр.

20190712115233_IMG_0508.JPG

Брифингке Халықаралық Паралимпиада комитетінің вице-президенті Дуэйн Кейл арнайы келген. Ол болашақта Қазақстанның ҰПК қолдау білдіретінін жеткізді.

20190712120147_IMG_0537.JPG

«Мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын және бұл ең соңғы сапар болмайды деп сенемін. Мен паралимпиадалық спорттың дамуына сенемін, сондықтан бұл жерге тағы келетініме де сенімдімін... Қазақстанның Ұлттық Паралимпиада комитетінің паралимпиадалық спортта қозғаушы күш болуы үшін көмектесуге дайынмын», – деді Дуэйн Кейл.

20190712120339_IMG_0543.JPG

Бұдан бөлек брифингке Мысыр елінің спортшысы Шериф Осман мен қазақстандық пара пауэрлифтинг спортшы Раушан Қойшыбаева қатысты.

20190712121156_IMG_0546.JPG

Дәл қазір елордадағы EXPO Конгресс-орталықта Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр. 78 елден келген 450-ге жуық спортшы 20 шілдеге дейін әлем чемпионы атануға күш салады.

20190712113256_IMG_0480.JPG


20190712112650_IMG_0461-01.jpeg

Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет 12-20 шілде аралығында өтетін пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Раушан Қойшыбаева Елдос Сметов пен Илья Ильиннің жанкүйері екенін айтқан болатын.

Әлемдік додада ел намысын қорғайтын спортшыларымыз бен олардың дайындығы туралы ҚР пара пауэрлифтингтен ұлттық құрамысының бас бапкері Артур Томицский айтып берген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтанда Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатының ашылу рәсімі басталды


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық