Жалпы жаңалықтар
-
-
ОҚМПУ ректоры қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне ректоры қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес: Ауыр жарақат алған екі адам Алматыға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқ тиіп жараланған екі ауыр науқас Алматыдағы клиникаға жеткізілді.
08.02.2020
-
Қайғылы хабар жетіп жатыр, жан ауыртады – Сауытбек Абдрахманов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов Қордайдағы оқиға қатысты пікір білдірді.
08.02.2020
-
Дабырмен емес, сабырмен көп нәрсені шешкен халықпыз – Бақытбек Смағұл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы төбелеске қатысты пікір білдіріп, халықты сабырға шақырды.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Қазақ жігіттерін кінәлай алмаймын – Асанәлі Әшімов
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шыдамымыз таусылған тұста ғана шарт кететініміз қанымызда бар қасиет, дейді КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Үкімет комиссиясы құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
08.02.2020
-
Қазақтың саны да, сапасы да артып келеді – демограф
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мен өзім жоғары оқу орнында сабақ беремін. Мәселен орыс тобында 3-4 бала оқыса, қазақ бөлімінде 20-дан асады. Аз студент үшін қаншама оқытушыны ұстау керек, ол қып-қызыл шығын. Ауғанстан сияқты елден келген студенттер арқылы орыс тобын толықтырып отыр. Оның бәрі қолдан жасалған. Уақыт өте келе орыс тобын ұстап отыру тиімсіз болып қалады. Бұл туралы демограф, саясаттанушы Әзімбай Ғали сұхбат барысында айтты.
08.02.2020
-
#FedCup2020. Қазақстан мен Бельгия тең келе жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Федерация кубогындағы алғашқы ойындарын аяқтады.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Ақсақалдарымызды тыңдайық – Үшкемпіров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелеске байланысты грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, осы өңірдің тумасы Жақсылық Үшкемпіров пікір білдірді.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Алматыдағы бірқатар базар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелестен кейін Алматыдағы Барахолка базары уақытша жабылды.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. 80-дегі қарттың жамбасы сынды деген ақпарат бар – Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелес кезінде 80 жастағы ақсақалдың жапа шеккені туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Нәтижесін көріп отырсыздар – Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелеске байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Екі полицияға оқ тиді, 47 адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелеске қатысқан 47 адам ұсталды.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. 8 адам қаза тауып, 40-тан астам жарақат алды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 7 ақпандағы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы жаппай төбелестен 8 адам қаза тауып, 40-тан астам жарақат алған. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
08.02.2020
-
Елордадағы "Жанұя" орталығында ашық есік күні өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордадағы "Жанұя" отбасын қолдау институтында ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлады Елорда Инфо.
08.02.2020
-
Қазақстандық боксшылар Венгриядағы турнирден үш алтын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дебреценде (Венгрия) бокстан халықаралық "Иштван Бочкай" турнирінің финалы өтті, деп хабарлады Olympic.kz.
08.02.2020
-
Қордайдағы төбелес. Президент арнайы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
08.02.2020
-
Елімізде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ел аумағындағы бірқатар автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп жазды Хабар24.
08.02.2020
-
Президенттің идеямды бірден қолдап, қызығушылық білдіргенін көргенде өте қуандым – Эмин Әскеров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев кембағал жандарды жарылқап жүрген бизнес өкілдерімен Ақордада кездесті. Президентке маңызды проблемаларды жеткізген іскер азаматтар әлеуметтік кәсіпкерліктің бүгінгі беталысын талқылады. Осы саланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жанашыр азаматтың бірі – "Green TAL" әлеуметтік шеберханасының басшысы, "Best for kids" қоғамдық қорының вице-президенті Эмин Әскеровпен сұхбаттасқан едік.
08.02.2020
-
Абай-175: Аспапта орындаушы балалардың байқауы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы мен "Бозторғай" қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында белгілі болды. Республикалық байқау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтпек.
08.02.2020
Наверх