Қордайдағы төбелес: Ауыр жарақат алған екі адам Алматыға жеткізілді

8 Ақпан 2020, 16:12
2213
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес: Ауыр жарақат алған екі адам Алматыға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқ тиіп жараланған екі ауыр науқас Алматыдағы клиникаға жеткізілді.

Екі тікұшақпен жеткізілген науқастардың жағдайы тұрақты бірқалыпты. Қазір Қордайдағы ауруханада 32 адам жатыр.

вер.jpeg




Айта кетейік, 7 ақпада Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғадан ресми ақпарат бойынша 8 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жарақат алды. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша 47 адам ұсталды. Бұзақылық әрекеттердің, оның ішінде от қоюдың салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 30 жекеменшік үй, 15 сауда нысаны және 23 көлік қиратылған.

Төбелес болған Масанчи ауылында 2009 жылғы халық санағы бойынша 13 606 адам тұрады. Соның ішінде 90% – дүнгендер, 5% ғана – қазақтар, тағы 5 %  – орыстар.


Өзгелердің жаңалығы