Дабырмен емес, сабырмен көп нәрсені шешкен халықпыз – Бақытбек Смағұл

8 Ақпан 2020, 15:25
2625
Бөлісу:
Дабырмен емес, сабырмен көп нәрсені шешкен халықпыз – Бақытбек Смағұл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы төбелеске қатысты пікір білдіріп, халықты сабырға шақырды. 

Осы хабарды естігелі Парламент Мәжілісіндегі әріптесіміз Шәкір Хахазов екеуіміз сол жаққа жолға шықтық. Өзіміздің ынтымағымыз жарасқан елдің жарасын тырнағанымыз дұрыс емес. Одан сабыр мен ақылымызды серік етіп, елді татулыққа шақырамын. Асыл халқымыздың басынан не өтіп, не қоймады. Сондықтан береке-бірлігіміз, еліміздің болашағымыз, ертеңіміз үшін тыныштық қажет. "Ашу – дұшпан, ақыл дос" дейді дана халқымыз. Біз енді дабырмен емес, сабырмен көп нәрсені шешкен халықпыз ғой. Дау мен жаудан алыс болайық. Өз берекемізді, бірлігімізді сақтайық, - дейді Бақытбек Смағұл.

Айта кетейік, 7 ақпан күні Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты бірнеше елді мекенде тұрғындар арасында жанжал болды. Ресми ақпарат бойынша адамның қаза болғанын хабарлады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қордай ауданындағы тәртіпсіздікке тұрмыстық сипаттағы жанжал себеп болғанын айтты. 
 Тергеу жұмыстары аяқталған соң, полицейлер не болғанын хабарлайды. Кім кінәлі? Не үшін болды? Барлық сұрақтарға жауап береді, - деді Дәурен Абаев.
Өзгелердің жаңалығы