Қордайдағы төбелес. Ақсақалдарымызды тыңдайық – Үшкемпіров

8 Ақпан 2020, 13:57
3309
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес. Ақсақалдарымызды тыңдайық – Үшкемпіров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелеске байланысты грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, осы өңірдің тумасы Жақсылық Үшкемпіров пікір білдірді. 

Елдегі әр түрлі оқиғалардан кейін сол өңірден шыққан танымал адамдар пікір білдіріп жатады. Өкініштісі, кейде көбіне танымал азаматтар халықты сабырға шақырғаннан аса алмай жатады. Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров "жастарға үлгі боларлық іс көрсетейік", "сабырлы болайық", "ел-жұртым" аман болсын деп айтты. 
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиғаны естідім. Өзім туып өскен облыс қой. Әрине, ел болған соң, әртүрлі жағдайлар болады. Ата-бабаларымыз кезінде бірнеше ғасыр талай соғысты, ашаршылықты көрді ғой. Сондай кезде өздерің сабырлығымен, даналығымен, ауызбіршілікпен халықты ұстап отырды. Бізге де осындай қиын сондай бірлік қажет. Менде бір күнде Олимпиада чемпионы бола салған жоқпын. Мәскеу Олимпиадасын 30 жасыма тақалған тұста 1980 жылы жеңдім. Бірнеше жыл сабырлық сақтап, күттім. Елімнің арқасында осындай белесті бағындырдым. Ендеше сабырлық сақтап, мұндай кикілжіңді бірге тоқтайық. Кейін жастарға үлгі болуымыз керек. Халқым аман болсын. Үлкендерді сыйлап өскен елміз ғой. Сондықтан ақсақалдарымыздың пікіріне құлақ түрейік. Барлығы оңынан шешіледі деп үміттенемін, - дейді Жақсылық Үшкемпіров. 

Айта кетейік, 7 ақпада Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғадан ресми ақпарат бойынша 8 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жарақат алды. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша 47 адам ұсталды. Бұзақылық әрекеттердің, оның ішінде от қоюдың салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 30 жекеменшік үй, 15 сауда нысаны және 23 көлік қиратылған.

Төбелес болған Масанчи ауылында 2009 жылғы халық санағы бойынша 13 606 адам тұрады. Соның ішінде 90% – дүнгендер, 5% ғана – қазақтар, тағы 5 %  – орыстар.


Өзгелердің жаңалығы