#FedCup2020. Қазақстан мен Бельгия тең келе жатыр

8 Ақпан 2020, 14:03
1483
Бөлісу:
#FedCup2020. Қазақстан мен Бельгия тең келе жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Федерация кубогындағы алғашқы ойындарын аяқтады.

Алғашқы кездесу Зарина Дияс пен бельгиялық спортшы Элизе Мертенс арасында болып, отандасымыз әлемнің 19-ракеткасынан 6:1, 2:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.  

Есепті Юлия Путинцева теңестірді. Ол Исалин Бонавантюрмен ойнап,  3:6, 7:6 (2), 6:2 есебімен жеңді. 

пута.jpeg

Қазір Федерация кубогі аясындағы ойында Қазақстан құрамасына Бельгия арасындағы есеа 1:1 болды.

Бүгін Зарина мен Юлия қарсыластарымен алмасып ойнайды. Бұдан бөлек ел намысын жұптық сайыста Анна Данилина мен Ярослава Шведова қорғайды.
Өзгелердің жаңалығы