Жалпы жаңалықтар
-
-
Еліміздің жас ғалымдары ҒЗТКЖ конкурсында жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Amanzholov University физика кафедрасының докторанттары жас ғалымдар мен мамандар арасында өткен ХХ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының конференция-байқауына қатысып, жеңіске жетті.
11.10.2021
-
Бердіқұлов атындағы байқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 11 қазаннан бастап спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында танымал қаламгер, қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталғанын хабарлайды.
11.10.2021
-
Елімізге Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясына Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэг бастаған делегация арнайы келіп, Академия жұмысымен танысты.
11.10.2021
-
Еуропалық сарапшылар еліміздегі ұшу қауіпсіздігін бағалайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық комиссия ұшу қауіпсіздігін қадағалау деңгейін бағалау үшін Қазақстанға сапармен келді. Ұшу қауіпсіздігін Еуропалық комиссия сарапшылары Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) және Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің бірлесіп бағалайды.
11.10.2021
-
ТМД елдері Жастар істері жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Омаров ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар істері жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
11.10.2021
-
Ливанда еліміз жауынгерлері қан тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясында қызмет атқарып жүрген Қазақстан бітімгерлері Ливандағы Қызыл Крест орталығында ерікті түрде қан тапсыруға қатысты.
11.10.2021
-
Әшімбаев Словакияның Сыртқы және Еуропа істері министрімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Словакия Республикасының Сыртқы және Еуропа істері министрі Иван Корчокпен кездесті. Кездесу барысында Палата Спикері парламентаралық байланысты белсенді түрде дамытудың маңызына тоқталып өтті.
11.10.2021
-
ТМД ІІМ Кеңесі. Автокөлік ұрлығы мен киберқылмыспен күрес мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ТМД-ға мемлекеттерннің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.
11.10.2021
-
Жұмағалиев Нидерландыдағы қазақстандық студенттер жайлы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландта мен өзіміздің қазақстандық студенттермен жиі кездесуге тырысамын. Бір-бірімізбен сұхбаттасып, қарым-қатынасымызды нығайтамыз, әр түрлі оқиғалар туралы ойларымызбен бөлісеміз. Әсіресе Қазақстанда пайдалы болатын жергілікті ерекшеліктерді әбден талқылаймыз, деп жазды Нидерландыдағы Қазақстан елшісі Асқар Жұмағалиев Facebook-тегі парақшасында.
11.10.2021
-
Мамин Chevron басшысымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Шеврон» (Chevron) компаниясының өндіру мәселелері жөніндегі вице-президенті Джеймс Джонсонмен келіссөз жүргізді.
11.10.2021
-
Елордалық мектептерге «жарылғыш зат» қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астананың мектептеріне жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама түсті. Бұл мәліметке қатысты Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
11.10.2021
-
Вакцинация паспорты жоқ әзербайжандықтар сотқа қатыса алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап сот дауларын шешу үшін Әзербайжан азаматтарына вакцинация туралы құжаттарды ұсыну қажет болады.
11.10.2021
-
Қостанайлық ата-аналар мұғалімдерге алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай қаласындағы №23 мектеп оқушыларының ата-аналары математика пәні мұғалімі Қанат Есенғұловқа оның оқыту әдістері және балалармен жұмыс істеу тәсілдері үшін алғыс білдірді.
11.10.2021
-
Елімізде цифрлық трансформация көшбасшылары даярлануы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 7 қыркүйегінде Мәскеу халықаралық білім алаңында BCPD Ltd. басшысы Эльмира Обри және 2035 университетінің бас директоры Нина Яныкина келісімдерге қол қою арқылы цифрлық трансформациялардың басшыларын дайындауға арналған бірлескен бастамаларды жүзеге асыратындарын жариялаған болатын.
11.10.2021
-
Елімізге Моңғолияның ұлттық спорт бағытындағы делегациясы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізге Моңғолия этноспорт федерациясының өкілдері келді. Көрші елдің этноспорт бағытындағы делегациясының құрамында федерация президенті Энэбиш Мөнх-Очир, вице-президенті Ром Әуесхан және федерациясының атқарушы директоры Ғылымхан Ермекей бар.
11.10.2021
-
Ресейлік әйел екі баласымен 19-қабаттан секіріп, мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Мәскеу қаласында Левобережная көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласынан 33 жастағы әйел мен кәмелет жасқа толмаған екі баланың денелері табылды. Алдын ала мәлімет бойынша олар 19-қабаттан секіріп кетіп, мерт болған.
11.10.2021
-
Қазақстан мен Словакия парламентаралық қарым-қатынасты нығайтуға ниетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілісте Н.Нығматулин мен Словакияның Сыртқы істер министрі Иван Корчоктің кездесуі өтті.
11.10.2021
-
Велоспорт. «Астана» екі шабандозбен жаңа келісімшарт жасасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Юрий Натаров пен Евгений Гидич «Астана» велокомандасымен келісімшарт мерзімін ұзартты.
11.10.2021
-
Әскери зейнеткерлер айырбастау құқығын пайдалану арқылы тұрғын үйді жекешелендіре алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылы тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізілгеннен кейін әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайында оң өзгерістер бар. Осы уақыт аралығында 9 мыңнан астам әскери қызметші үйлі болды.
11.10.2021
-
Павлодар облысында құс тұмауы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Тереңкөл ауданына кіретін Березовка аумағына карантин енгізілді.
11.10.2021
Наверх