Мамин 29 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсарта алатынын айтты

28 Желтоқсан 2021, 09:57
1131
Бөлісу:
Мамин 29 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсарта алатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты. 

Құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Құрылыстың жалпы ішкі өнім құрылымындағы үлесі  2020 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша 6,1 пайыздан биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 6,25 пайызға өсті. Бұл сала ұлттық экономика орнықтылығының негізгі көздерінің бірі және өсу драйвері болып табылады, - деді ол.   

Мамин айтқандай, осы жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша   құрылыс саласының өсу қарқыны 6,2  пайызды құрады, бұл экономика бойынша өсудің орташа қарқынынан айтарлықтай жоғары. 

Биыл шамамен  17 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 163 мың  азаматты үймен қамтамасыз етеді. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін  1,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Нәтижесінде шамамен 29 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсарта алады, - деді ол. 

Асқар Мамин айтқандай, елде жыл сайын денсаулық сақтау, білім беру, өнеркәсіп және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандары көптеп салынып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы