Баспана салу бойынша жоспар орындалды ма? Атамқұлов жауап берді

28 Желтоқсан 2021, 09:29
1466
Бөлісу:
Баспана салу бойынша жоспар орындалды ма? Атамқұлов жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты.

Биыл біз 17 млн шаршы метр немесе 163 мың баспана салуымыз керек. 26 желтоқсандағы алдын ала деректер бойынша 16 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысының қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 12 өңірде артқан, - деді Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, баспана халыққа қолжетімді болуы тиіс.

Осыған орай тұрғын үй және құрылыс материалдары құнының қымбаттауына жол бермеу үшін министрлік үш бағытта жұмыс істеп жатыр: біріншісі - құрылыс саласын цифрландыру, екіншісі - баға белгілеу жүйесін жетілдіру және құрылыстағы бақылауды күшейту, үшіншісі - құрылыс материалдары өндірісін дамыту, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы