«Омикрон» 110 елде анықталды

28 Желтоқсан 2021, 09:33
1099
Бөлісу:
«Омикрон» 110 елде анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев «омикрон» штамының 110 елде тараған айтты.

Эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде жылдам таралып жатқан «омикрон» штамы. «Омикрон» қарашада 16 елде анықталса, бүгінгі күні 110 елде анықталды, - деп айтты ол.

Баяндауынша, «омикронның» таралу коэффициенті жоғары, ол 1:5-ге  тең, қайта жұқтыру қаупі өте жоғары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша ауру бірнеше ай ішінде бүкіл әлемге таралады, - деп айтты Жандос Бүркітбаев.

Өзгелердің жаңалығы