5 қаңтардан бастап «көк» статусы барларға шектеу қойылады

28 Желтоқсан 2021, 09:50
2672
Бөлісу:
5 қаңтардан бастап «көк» статусы барларға шектеу қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша профилактикалық шараларды енгізу жоспары туралы мәлімдеді.

Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне; спорттық орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарына, караоке, бассейн, сауналарға, моншаларға, «Қазпошта» бөлімшелеріне, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына «ASHYQ» қосымшасымен «жасыл» статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша профилактика шараларын енгізуді ұсынамыз, - деп айтты ол.

Жандос Бүркітбаев  осы норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынды.

ДСМ өкілі сөз соңында халықты вакцина салу, жаппай ревакцинация жасауды арттыру, сондай-ақ ұсынылатын эпидемияға қарсы шаралар елдегі жағдайдың нашарлауына жол бермейтінін айтты.

Бұған дейін ДСМ «Омикрон» штамының 110 елде анықталғанын хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы