Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

8 Сәуір 2019, 16:40
4748
Бөлісу:
Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапар аясында Алматыға барып, корей диаспорасымен кездеспек. Бұл туралы апта сайынғы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Айтуынша, 21-23 сәуірде Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин Орта Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға келеді. Сапар барысында екіжақты экономикалық және Корей түбегіндегі ахуалды талқыламақ.

«Сапар аясында екі ел арасындағы экономикалық саладағы және халықаралық күн тәртібіндегі Корея түбегіндегі ахуалды талқылайды. Мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар екіжақты келісім мен меморандумға қол қойылады. Оның ішінде, сотталған адамдарды беру туралы шарт пен жаңа технологиялар, инфрақұрылым, логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты салаларды қамтитын сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету бойынша жол картасы жаңартылған ынтымақтастық бағдарламасы кіреді», - деді ол.

Сонымен қатар, Корея басшысының сапарына ұштастырылатын екі елдің іскер топтарының үш жүзге жуық өкілдерінің қатысуымен «Оңтүстік Қазақстан және Оңтүстік Корея инвестициялық форумы» ұйымдастырылады. 

«Оның барысында өнеркәсіпті цифрландыру, инфрақұрылым және медицина салаларындағы Қазақстан-Корея бірлескен инвестициялық жобалар мен бастамалар көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, сапар бағдарламасы аясында Оңтүстік Корея басшысы Алматыға мемлекеттік сапармен барып, корей диаспорасымен кездесуді жоспарлап отыр. Олар еліміздегі өмірімен танысады», - деді Смадияров.

2018 жылдың қорытыныдысы бойынша екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымының көлемі 3 млрд 898,5 млн долларды құрады. Қазақстаннан экспорт көлемі 976 млн доллар болса, Оңтүстік Кореядан келген импорт 922,5 млн долларды құрады.


Өзгелердің жаңалығы