Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жолбасшылар арасындағы ерекше эстафета

22 Маусым 2021, 23:44
5309
Бөлісу:
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жолбасшылар арасындағы ерекше эстафета
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық Ат туризмі федерациясының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бозоқ – Жидебай салт аттылар экспедициясы жалғасып жатыр.

10 маусым күні Елордадан басталған сапар 21 маусым күні Қаратомар-Жайылма ауылынан Қоянды жәрмеңкесінің орнына қарай бағыт алды.

Сарыоба, Олжабай батыр, Бұйратау ҰТП, Әлкей Марғұлан ауылы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев кесенесі, Жасыбай көлі, Жаңатілек ауылы, Бұқар жырау кесенесі, Жайылма ауылы қатарлы өңірлерді басып өтіп, енді Қояндыға бет алған экспедиция мүшелеріне Халид Айдарханов  бағдаршы-жолбасшы болды.

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жолбасшылар арасындағы ерекше эстафета

Осы жерде бір қызық оқиғаның куәсі болдық. Бізді Бұқар жырау кесенесінен бері ертіп келген шырақшы Әлихан Уәлиев эстафетаны Жайылма ауылына тапсырып, салт аттыларды адастырмай, шаршатпай Қоянды ауылына жеткізуді Халидке аманаттады.

х.jpg

Біз Жайылмадан жолға шықтық. Алда 50 шақырымға жуық жол бар.

ат.jpg

Жайылма жазығынан өтіп, Сүйіндік тауларына ілінгенде алдымыздан жылқышы қосы көрінді. Түскі астың уақыты да болған еді, қара қостан дәм татуға ат басын «вагончикке» тіредік.

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жолбасшылар арасындағы ерекше эстафета

Жылқышылар малға кеткен секілді, қос иен екен. Алайда, барлық дүниесі орын-орнында тұр. Біз асықпай түскі ас ішіп аттандық.

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жолбасшылар арасындағы ерекше эстафета

Қоянды ауылы Қарасор көлінің жағасында. Соңғы он шақты жылдың бедерінде Қарасордың балығы молайып, елдің берекесі кіріп қалыпты.

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жолбасшылар арасындағы ерекше эстафета

Бізге жолбасшы болып келе жатқан Халид Айдархановтың айтуына қарағанда, өңірде мал ұстауға, әсіресе жылқы ұстауға мүмкіндік мол. Күн кешкіріп кеткеніне қарамастан бізді Қоянды ауылының адамдары Талды өзенінің жағасында қарсы алды. Ауылдың ұйымшылдығы, үлкенді сыйлай білетіндігі, қонаққа деген құрмет бірден байқалады. Біз ат тұмсығын ауыл ақсақалы 75-тен асса да әлі ажарын да, базарында бермеген Айтмұқамбет Омаровтың үйіне тіредік.

10.jpg

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бозоқ қалашығынан бастау алған 1000 шақырымдық тарихи сапардың бас ақпараттық демеушісі BAQ.KZ ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жолбасшылар арасындағы ерекше эстафета

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жолбасшылар арасындағы ерекше эстафета

Өзгелердің жаңалығы