Филиппинде вакцина салдырмайтындар түрмеге қамалуы мүмкін

22 Маусым 2021, 23:20
3641
Бөлісу:
Филиппинде вакцина салдырмайтындар түрмеге қамалуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппинде коронавирусқа қарсы вакцина салғызудан бас тартқандар түрмеге қамалуы мүмкін.

Жуырда ел президенті осындай мәлімдеме жасап, тұрғындарға ескерту жасады. Себебі коронавирустың кесірінен елді дағдарыс жайлаған.

Айта кетейік, бүгінде Филиппинде өз еркімен екпе салдырып жатқандар аз. Осы уақытқа дейін небәрі 1 миллион 300 мыңдай тұрғын ғана вакцина қабылдаған.

Өзгелердің жаңалығы