Нигерде әскери базаға оқ атылды: 90-ға жуық адам қаза тапты

10 Қаңтар 2020, 12:38
10215
Бөлісу:
Нигерде әскери базаға оқ атылды: 90-ға жуық адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нигер мен Малидің шекарасында қаруланған топ көлікпен әскери лагерге келіп, оқ атқан.

Нигер елінің батысында белгісіз біреулер әскери лагерге от атты. Салдарынан 98 адам қаза тапты. Бұл туралы 10 қаңтарда африкалық елдің қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сүйеніп Синьхуа агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, бейсенбі түстен кейін қарулан топ көлікпен келіп, Нигер және Мали шекарасында әскери базаға оқ атқан. Әскерилер де оқпен жауап қайтарған. 

Әскерилер Әскери әуе күштерінің көмегімен оларға қарсы тойтарыс берді. Шабуыл салдарынан 25 әскер қаза тапты, тағы алтауы жарақат алды. Ал шабуыл жасаған 63 жауынгер қайтыс болды, - делінген хабарламада.
Әскерилер осы аймақта тінту операциясын жүргізіп жатыр. Әзірге ешқандай топ шабуылды мойнына алмады.
Өзгелердің жаңалығы