Коронавирус: Елімізде маскаларға сұраныс 30 млн-ға дейін артты

4 Наурыз 2020, 13:01
1890
Бөлісу:
Коронавирус: Елімізде маскаларға сұраныс 30 млн-ға дейін артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір елімізде күн сайын 80 200 маска шығарылады. Бұл туралы ҚР ДСМ "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" бас директоры Нұртаев Арнур Исабайұлы ОКҚ өткен брифинг барысында айтты.

Осы жылдың ақпан айының басында сатылымда 9 миллионнан астам маска қоры болды. Бұл  азаматтарымызды ай сайын респираторлық аурулардан қорғауға жеткілікті болатын. Дегенмен коронавирус инфекциясына байланысты дүрбелең болып, Қазақстан Республикасының кейбір азаматы дәріханалардағы желілерден маскалардың запасын сатып алған. Бүгінде аптекаларда 1 миллионнан маска бар. Сондықтан да дүрбелеңнен кейін маскаларға деген сұраныс 30 миллионға дейін жетті. Бүгінде мемлекет медициналық ұйымдарды қамтамасыз ету үшін маскаларды сатып алып жатыр. Қазір 7,5 миллионнан астам маска сатып алынды. Барлық медициналық ұйымдарда маскалар бар. Олар медициналық қызметкерлерге арналған. Тұмау және басқа да инфекциялық ауруларды жұқтырмау үшін медқызметкерлер киеді, - деді Арнур Нұртаев.

Спикердің айтуынша, отандық өндірушілер айына 6 миллионнан астам маска өндіреді. Яғни күн сайын 80 200-ге жуық маска шығарады. Бұл өндірушілер алдымен медициналық мекемелерге үзіліссіз жеткізіп отырады.

Өзгелердің жаңалығы